Қазақстан Дауысы / The Voice Kazakhstan - 20 Июля 2013 - Қазақша әндер жаңа 2016, Казахские песни 2016

Скачать и слушать Казахские песни 2016 бесплатно

Жаңа қазақша әндер скачать бесплатно


Главная » 2013 » Июль » 20 » Қазақстан Дауысы / The Voice Kazakhstan
20:15
Қазақстан Дауысы / The Voice Kazakhstan
Елімізде «Қазақстан Дауысы» атты жаңа музыкалық жоба ашылмақ, деп хабарлайды шараны ұйымдастырушылар.

Белгілі болғандай, атышулы «Қазақстан Дауысы» музыкалық жобасының қарапайым ән байқауларынан айырмашылығы – қатысушылардың тек дауысқа ғана сүйеніп бақ сынайтындығы. Жүзден аса қатысушылардың ішінен Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кешкенбаев, Нұрлан Албан мен Медеу Арынбаев сынды қазақ эстарадасының жұлдыздары өз командасын жинайтын болады. Тыңдау сынағы кезінде жұлдызды әділ-қазылар алқасының мүшелері қатысушылырдың өздерін көрмей-ақ оларға баға береді. Қорытындысында төрт топ алға суырылып шығатын болады. Ал финалға солардың ішінен тек төртеуі ғана өтеді. Оларды SMS-дауыстар анықтайтын болады. Жобаға 18 жастан 45 жасқа дейінгі қатысушылар қатыса алады. Жоба «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіледі.

Тыңдау сынағы бес қалада өтетін болады:

24 шілде – Семей (Мәдениет Сарайы);

26 шілде – Астана («Опера» караоке-клубы)

27 шілде – Ақтөбе (Жұбанов атындағы филормония)

28 шілде – Ақтау («Абай» ойын-сауық сауда орталығы)

3 тамыз – Алматы («Қазақстан Дауысы» жобасының түсірілім павильоны)

Айта кетерлік жайт, «Қазақстан Дауысы» жобасы осыған дейін басқа да елдерде өткен болатын. Солардың ішінде көршіміз – Ресей де бар. Шоудың жеңімпазы Дина Гарипова "Евровидение-2013" байқауында елінің атын шығарып, бесінші орынға табан тіреген еді.

Просмотров: 5270 | Добавил: Mblp3a6aeB | Рейтинг: 3.8/8
Всего комментариев: 5
5
  (10.11.2014 08:41)
Саламатсыздарма,менин казакстан дауысы жобасына катыскым келеди ол ушин не истеуге болады

4
  (09.12.2013 14:35)
егер менің талантым болса,мен дәл осы жобага бармас едім. дәл осы әділ қазылар менің талантымды анықтайтындар емес Медеу ағамыздан басқалары.Дауыс.талантты білетіндер емес.мен өзімді осы адамдардын алдында өз абыройымды таптаспас едім...Әрине,ол кісілер үшін ащы бундай пікірлер,бірақ бұл менің жеке пікірім. Шындық арқашан ащы болады.

3
  (26.11.2013 13:51)
Салем. Неге" Қазақстан Дауысы" деп алып шет елдерің әндерін коп оындатасыздар." Қазақстан Дауысы" деген атына сай болсында.Қазақ әндері құрып қалғандай.Шет елдердің әні боламаса дауыстарын анықтай алмайсыздарма?

2
  (24.10.2013 21:24)
Мен тусинбеймин неге осы Актау Актобеге келеди Орал сонда кала емес адамдарыда адам емес пе сонда,ешкашан Оралга еш кастингтер келмейди оларда оз онерлерин корсеткиси келеди гой,Адайлар бай болгасын барлык аншилер,сонда болады екен,ал Орал бай облыс емес соны тусиндим олай жасап керек емес кой,уйымдастырушылар неге болесиндер бир казакстанда турып,ал ал Казакстан даусынын адил казылары оны жасайтын уйымдастырушылар дейди.Мен мысалга оз онеримди корсетким келеди,бирак баримиз Алматыга алде Актауга алде Актобеге бара алмаймыз гой,бул адил емес........

1
  (15.09.2013 20:19)
Казакстан дауысы адил еместигине козим жетти.кимди жарнамалайтын жоба екенин тусинбедим.Барып катысканымда дауысты тындамай жатып,"сен отпейсин кете бер"дегени.бул не деген маскара.Копшилик солай кетип жатты.буйткен жобасы курсын.Бул Алматы каласында болган жагдай.Адилдик кайда,казактар? Алде акшасы барлар катысама бул жобага.Конилим калды...

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сайтқа ән, клип қосу:
87076663622  kazhit.com@bk.ru
Жарнама
Статистика





  Хостинг от uCoz / RSS-mp3 / RSS-video / Карта сайта, sitemap.xml / Контакты/Байланыс /